«Мифтер мен аңыздар туралы энциклопедияның» таныстырылымы
26 қараша күні Алматы қаласындағы А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Атамұра» корпорациясының жаңа басылымы - «Мифтер мен аңыздар туралы энциклопедияның» таныстырылымы өтті.
Энциклопедияда айдаһар, феникс, Пегас сияқты мифтік жаратылыстар, көне өркениет батырлары мен тылсым күштер жайлы мол ақпарат берілген. Жеңіл тіл, әсем иллюстрациялар – балалар үшін таптырмас қазына.